Жаңалықтар

Сайлау – өз тағдырыңды таңдау

Елде тұрақтылық пен бейбітшілік орнату үшін кезектен тыс сайлау өткізу – қажеттілік. Бізге қоғамдық тұрақсыздықтың мүлдем қажеті жоқ. Заң бойынша, келесі сайлау 2020 жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс. Ал, Президент өкілеттілігі 2020 жылдың сәуір айында аяқталады. Мемлекет 8 ай бойы биліксіз бола ма? Жоғары лауазымды тұлғаның, жауапкершілік жүгін арқалайтын адамның болмауы – өте қауіпті. Әрі, қазіргі Президентіміздің қолында қандай да бір шешім қабылдарлықтай толық өкілеттілік жоқ. Ол келесі сайлауға дейін өтпелі кезеңнің басшысы болып қана қалады. Сондықтан да, Қазақстанның келесі Президенті кім болатынын кезектен тыс сайлау арқылы халық өзі анықтауы керек. Халық бұл саяси оқиғадан тысқары қалмай, өз пікірін білдіріп, таңдауын жасауы тиіс. Бұл – ел азаматтарының заңды құқығы!
Конституция бойынша жоғары билік Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді. Енді сайлау өткізу арқылы билікті халық таңдаған азаматқа табыстау қажет. Біз әлемнің күн сайын өзгеріп жатқанын көріп отырмыз және оның қандай тосын сыйы барын білмейміз. Яғни, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Ең абзалы – келешегімізді дүрбелең шақта емес, бейбіт күнде бағдарлау.

Зинаида ЧУМАКОВА,
Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button