Жаңалықтар

Болашақты бірге қалыптастырамыз

Құрылтай сайлауында Қоғамдық кеңес мүшесі Эльмира Маликова да азаматтық таңдауын жасады. Ол Күнгей шағынауданындағы №26 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №94 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сурет автордан

– Бүгін – әрқайсымыз үшін айрықша маңызды күн. Өйткені, қабылданған әрбір шешімнің нәтижесі болады. Қаламыз бен қоғамымыздың алдағы уақытта қалай дамитыны біздің азаматтық таңдауымызға да байланысты. Сондықтан, ешкім ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерге бейжай қарамауы керек, – деді Эльмира Маликова.

Сондай-ақ, ол сайлау учаскесіне келудің өзін азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі деп бағалайды.

– Сайлау учаскесі – әр азаматтың дауысы нақты саяси әрекетке айналатын орын. Мұнда келген сайын сол жауапкершілікті ерекше сезінемін. Бүгін учаскеде адам көп. Қарағандылықтардың ауызбіршілігі мен ортақ іске деген жанашырлығы анық байқалады. Ел ертеңіне бейжай қарамайтын осынша жерлесімді көргенде, ортақ болашағымызды бәріміз бірге қалыптастырып жатқанымызды түсінесің. Бұл көрініс көңілге сенім ұялатып, ертеңгі күнге деген үмітті нығайта түседі, – деді Қоғамдық кеңес мүшесі.

Эльмира Амангелдіқызыныны пікірінше, сайлаушылардың белсенділігі – ел азаматтарының ортақ болашақ алдындағы жауапкершілігін айқындайтын маңызды көрсеткіш.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button