САҚШЫЛАР СЕРГЕК

     Жергілікті полиция қызметінің қоғамның мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және оның береке-бірлікте тұрақты дамуы секілді негізгі бағыттары айқын. «Біздің бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеуімізге міндеттелген мәселе – ол құқық бұзушылықтың алдын алу», – дейді  Саран қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полковник Қайрат ШАЯХМЕТОВ.

Бүгінде Саран қаласында жедел жағдайлардың жай-күйін ескере отырып, шулы шағын учаскелерде бірқатар алдын алу іс-шаралары өткізілген. Екі айлық акция барысында инспекторлар аулалар мен пәтерлерді аралап, аймақтың мән-жайымен танысып шыққан. Осы іс-шаралар тұрғындарды тануға, жалдамалы пәтерлер жөнінде, көршілердің мазасын алушылардың әрекетін анықтауға, адамдарды есепке алуға, жалпы толғандырған мәселелер жайлы мәлімет жинауға көп көмегін тигізген. Айтулы акция барысында Саран қаласы, ішкі істер бөлімі мен, жергілікті полиция қызметкерлері және депутаттар жұмыла жұмыс атқарған. Сарандық сақшылар 22 мыңнан астам  пәтер мен жеке үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Қайрат ШАЯХМЕТОВ,

Саран қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полковник:

– Шараның шапағаты мол. Акция аясында үйлерге тексеріс жүргізіліп, тұрғындардың мәліметі жиналды. Нәтижесінде 353 құқық бұзушылық анықталды. Ал алдын алу шаралары бойынша – 49 құқық бұзушылық орын алғандығы белгілі болды. Бұл бастамаға тұрғындар түсіністікпен қарап, депутаттар қолдау білдіріп отыр.

Шәріп ИСЕНОВ,

Саран қалалық мәслихатының депутаты:

– Қалалық мәслихаттың депутаттары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасауға қашанда әзір. Бүгінгі мәліметке сүйенсек, облыс полицейлері жалпы тұрғындардың 60%-ын тексерудің нәтижесінде заңсыз жалға беріліп отырған 300-ден астам пәтер анықталды.  Сонымен қатар, уақытша тіркеуге тұрмаған, 800-ге  жуық азаматтың 75-і елімізден шығарылды.  Саран қаласының тәртіп сақшылары қару-жарақ ұстайтын тұрғындарды да тексеріп, олардың рұқсат құжаттарын қарады. Екі ай ішінде тұрғылықты жерге 12 мың аңшы келген екен. Олардың 100-і – суық қару, сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Облыс бойынша, 8 тұрғынның, үйде заңсыз қару сақтағаны анықталған. Акция аясында 15 мыңнан астам бірнеше құқық бұзушылық әшкере болды.

Саран қаласында 2010 жылдан бері учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқаратын Максим Огнев жұмыс кестесіне сәйкес аңшы мылтығының иесін тексеріп отыратын көрінеді. Өйткені, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, атыс қаруын сатып алу және сақтау үшін міндетті түрде пәтерде күзет дабылы болуы тиіс немесе, атыс қаруын сақтауға арналған сейфке дабыл қағу құрылғысын орнату қажет. Қару сақтаушы адам бұл ережелерді сақтауға тиісті екендігін ескертеді. Аталмыш шара 1 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.