АймақБас тақырыпБұқар жырау

Сәтбаевтың саябағын кім отады?

Әлеуметтік желіде Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылдық округіне қарасты Үлгі ауылында ағаштардың кесілгені туралы бейнежазба тарады. Ол қоғам тарапынан қызу талқыланып жатыр. Ғасырға жуық уақыт бұрын Қаныш Сәтбаевтың өз қолымен отырғызған көшеттері саябаққа айналған еді. Осы уақытқа дейін. 75 жылдық ағаштардың орнында діңдері ғана қалған. Олардың енді қайта көктеуі екіталай.

Сурет Үміткер ауылдық округінен

Үміткер ауылдық округінің әкімі Ерсін Залеловтің айтуынша, мердігерге қатысты іс қозғалды.

– Жаңа ғана полициядан шықтым. Мердігерге қатысты «өз міндеттерін тиісті орындамады» деген іс тапсырылды, акт жасалды. Қазіргі таңда жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Мердігермен келісім әлі күшінде. Бір айдан кейін өз тарапымыздан да сотқа береміз. Аталмыш мердігерді жосықсыз мердігер ретінде танып, қара тізімге енгізу жөнінде мәселе қозғаймыз, – деді Ерсін Залелов.

Мемлекеттік сатып алулар келісіміне сәйкес ағаштар 4 метрден кем кесілмеуі тиіс болған. Бұл ағаштардың жоғарғы жағы шірігендіктен, жаңғырту мақсатында қолға алынған шара екен. Алайда, мердігер келісім талаптарын бұзған. Яғни, талап жұмыстың басында сақталғанымен, соңында ағаштар бір метрдің айналасында кесілген. Тіпті, түбінен де шабылғаны бар.

Ерсін Залеловтің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белсенділер ұзын саны 114 ағаштың кесілгенін анықтаған. 4 метрден кесілгендердің өзі де зақымдалған.

– Жалпы, бұл саябақты абаттандыру жұмыстары 2022 жылы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай қолға алынған. Сол жылы қоршалды. Одан кейінгі жылында абаттандырылып, жарық тартылды. Ескерткіш тақта қойылды, қоқыстан тазарттық. Былтыр ғалымның 125 жылдығына орай 125 түп ағаш отыр­ғызылды. Ал, биылғы шара ағаштарды жаңғырту мақсатында қолға алынған. Бұл ағаштарға 75 жыл болған. Шірігендерін кесіп, жаңартпақ едік. Жұмыс­ты қолға алған «Али» жеке кәсіпкерлігі соттың кез келген шешіміне қарсы емес, шешімге сәйкес әрекет етуге дайын. Сот қандай шешім шығарады, күтеміз, – деген Ерсін Залелов биыл ағаш отырғызу жоспарланбағанын да атап өтті.

Мердігер өзіне қатысты іс қозғалғанынан хабардар екенін және оған байланысты ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button