Бейне

С. Сейфуллин театры дәрігерлерге алғыс ретінде бейнеролик түсірді (видео)

Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының ұжымы коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде бейнеролик түсірді.  Театр қызметкерлерінің айтуынша, онда  Нұрлан Жұманиязовтың Рахымжан Отарбаевтың пьесасы бойынша  қойған «Фариза және Мұқағали» спектаклінің үзіндісі келтірілген. 

– Роликте келтірілген спектакльдің үзінділерін мен өзім таңдадым. Дәл сол дәрігерлер қатысатын сәттерін алдым. Және де спектакльде медбикенің Мұқағалиға айтқан сөзі де бар: «Өтінемін, далаға шықпаңызшы. Сіз әлі соңына дейін сауыққан жоқсыз!» деген. Осы күндері билік пен дәрігерлердің халыққа жасап отырған үндеуі де осындай. Қазір бүкіл әлемде көрінбейтін жаумен соғыс жүріп жатыр, барлығымыз сақ болуымыз керек, – дейді Дариға Жүнісова.

Театрда елдегі қазіргі жағдай туралы тағы бір ролик шығару жоспарланып отыр. Онда әртістер Абай Құнанбаевтың «Қара сөздеріне» жүгінгісі келеді. Қазір ұжым жеке түсірілімдерге дайындалып жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button