Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Сәпиевті жеңген тай боксшысы 2 жыл 9 айға сотталды

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Серік Сәпиевті жеңген тай боксшысы Манус Бунчамнонг алаяқтық ісі бойынша 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Penalty.kz

Сурет Penalty.kz

Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері қазіргі уақытта Бангкоктағы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Сот оны 2021 жылы мемлекеттік лотерея билеттеріне арналған квоталарға қатысты алаяқтық жасады деп таныған. Тергеу бойынша жәбірленушілерге шамамен 2 миллион бат көлемінде шығын келген.

Бунчамнонг Қазақстан жанкүйерлеріне Серік Сәпиевпен болған жекпе-жектері арқылы жақсы таныс. Ол 2006 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында Сәпиевті жеңсе, 2008 жылғы Олимпиада ширек финалында қазақстандық боксшыны 7:5 есебімен ұтқан.

Кейін тай боксшысы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Сот үкімінен кейін кепілдік талаптарын бұзып, құқық қорғау органдарынан жасырынған Бунчамнонгты полиция кейінірек ұстап, түрмеге қамады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button