АймақНұра

Сәбилерге сыйлық

Нұра ауданына қарасты Изенді ауылдық округіндегі Отқанжар серіктестігінің жетекшісі Аслан Қанатұлы өңір халқына еңбегімен ғана емес, үлкен жүректі мейірімділігімен де жақсы таныс. Оның бір көрінісін мына бір рәсім айқындай түседі.

Аслан Қанатұлы еліміздегі әр жылғы мерекеге орай округте дүниеге келген сәбилерге Жаңа жыл қарсаңында ақшалай сыйлықтар тарту етеді екен. Көпке үлгі боларлық осы бір озық рәсім биыл да жалғасып, өткен жылы дүние есігін ашқан 11 балаға 31 мыңнан сыйлық табыс етті.

Балаларын бақытым деп білетін ел үшін бұл сыйлық ерекше қуаныш болғаны шын әрі дәл осы мереке балалар есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Игі дәстүрге айналған салтанатты шарада балалардың ата-аналары, туыстары мен ауылдастары Аслан Қанатұлына көп алғыс айтты.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ,

Нұра ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button