Құрылыс қарқыны

Биылғы I жартыжылдықта облыста орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 50,9 млрд. теңгені құрады. Бұл – жалпы республикалық көрсеткіштің 4,4 пайызы.

Құрылыс, көбінесе, жекеменшік кәсіпорындардың күшімен жүзеге асырылды. Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 95,5 пайызы жекеменшік құрылымдарға тиесілі. Шетел ұйымдарының үлес салмағы 3,6 пайызды еңсерсе, мемлекеттік нысандар үлесі – 0,9 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының 73,1 пайызы – құрылыс-жөндеу жұмыстары, 11,6 пайызы – күрделі жөндеу және 15,3 пайызы – ағымдағы жөндеу жұмыстары.

Жұмыстардың едәуір көлемі ғимараттар құрылысында орындалды – 27,7 млрд. теңге немесе жалпы көлемнің 54,3 пайызы. Тұрғын ғимараттар құрылысы – 15,7 пайызды, өнеркәсіптік ғимараттар құрылысы және жөндеу көлемі – 10,6 пайызды құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстары көлемінің артуы Шет ауданында және Балқаш қаласында (әрқайсысында 2,1 есе), Ақтоғай ауданында (2 есе), Сәтбаев қаласында (1,8 есе) байқалды. Айтарлықтай үлес Қарағандыға (33,9%), Теміртауға (14%) және Сәтбаевқа (12,7%) тиесілі.

 

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.