Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы күнгі көрме

Бүгін Құрылтай сайлауы күні Топар кентіндегі 376-сайлау учаскесінде сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл көрмеге жергілікті ісмерлер мен шеберлердің қолдарынан шыққан оюлы, зерлі бұйымдары мен картиналары қойылып, осында дауыс беруге келген сайлаушылардың назарына ұсынылды. Олар осынау көздің жауын алатын әсем бұйымдарды сүйсіне тамашалап, сайлау учаскесінен үйлеріне қанағат сезіммен қайтып жатты.


Мұның өзі топарлықтардың арасында қаншама тума таланттардың барлығын көрсетіп, мәдени мұрамыз бен ұлттық өнеріміздің өміршеңдігін танытқандай.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button