Спорт

Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Күні кеше отандасымыз Елена Рыбакина Римде өткен WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанғаны туралы сүйіншілеп жазған болатынбыз. Және бұл жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алтыншы сатыдан төртінші сатыға көтерілетінін айтқан болатынбыз. Енді Әйелдер теннисі қауымдастығы отандасымызды ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы деп жариялады.  

Елена Рыбакинаның қоржынында – 5090 ұпай бар. Өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық теннисші Джессика Пегуладан небәрі 115 ұпай айырмашылығымен қалып келеді. Егер отандасымыз Ролан Гаррос кешенінде өтетін Франция чемпионатының ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсетсе, ретйтингтегі орынын жаңартуға үлкен мүмкіндік алады.

Одан бөлек, Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-дан 24-ші сатыға жоғарылады. Сондай-ақ, Жібек Құламбаева да едәуір жоғарылады.  Қазір ол – 197-орында.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button