Спорт

Рыбакина хард турнирінің ширек финалында

Канаданың Монреальда қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирдің үшінші айналымында отандасымыз Елена Рыбакина кезекті қарсыласын жеңді.

Елена Рыбакина

Қазақстандық тенисші бұл айналымда АҚШ өкілі Слоан Стивенспен (38 WTA) кездескен болатын. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Енді жерлесіміз ширек финалда әлемдік рейтингінде XIV орында тұрған ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен ойнайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button