Спорт
Рыбакина хард турнирінің ширек финалында
Канаданың Монреальда қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирдің үшінші айналымында отандасымыз Елена Рыбакина кезекті қарсыласын жеңді.
Қазақстандық тенисші бұл айналымда АҚШ өкілі Слоан Стивенспен (38 WTA) кездескен болатын. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Енді жерлесіміз ширек финалда әлемдік рейтингінде XIV орында тұрған ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен ойнайды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz