Саран

Робототехника – болашаққа қадам

    Роботтар жасаумен айналысу – ол техникалық ептілікті, бағдарламалау дағдыларын және де жай ғана әуестікті дамыту болып табылады, сондықтан жастар арасында робот техникасына деген қызығушылық артып келеді.

Мамыр айының он тоғызыншы жұлдызында балалар мен жастар орталығында «Жас техниктер станциясы» КМҚК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған робототехника бойынша аймақтық жарыс өтті.

Жарыс басталмас бұрын Саран қаласы әкімінің орынбасары Е.Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Төрешілер алқасы, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Д.Ақылтаев Қарағанды облысындағы робототехниканың дамуы туралы айта келіп, жарыстың өткізілу ережесімен таныстырды.

Іс-шараға Саран, Абай, Шахтинск қалаларынан 15 команда қатысып, «Желі бойынша жарыс», «Кегельринг», «Интеллектуалды сумо» және «Механикалық сумо» категориялары бойынша бақтарын сынады. Жарысқа қатысушы аймақтардан келген өкілдер төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша Саран қаласының командасы «Интеллектуалды сумо» – 1 және 2-орын, «Кегельринг» – 1 және 2-орын, «Механикалық сумо» – 2 және 3-орын, «Желі бойынша жарыс» – 3 орын; Шахтинск қаласы балалар мен жасөспірімдер орталығының командасы «Желі бойынша жарыс» – 1 және 3-орын, Шахтинск қаласының мектеп-лицейінен келген команда «Механикалық сумо» – 1-орын, «Кегельринг» – 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарды төрешілер алқасы, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Д.Ақылтаев пен Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары М.Рахимов құттықтап, мақтау қағаздары мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Нұрбану БАЙМУХАМБЕТОВА.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button