Бас тақырып

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл бәріміз үшін тарихи мәні ерекше күн. Жыл сайын біз Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыз бен әкелерімізді еске аламыз.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әскер қатарына миллионнан астам қазақстандық қосылды. Олардың әрқайсысы Ұлы Жеңіске жетуге үлес қосты. Сұрапыл соғыс жылдарында Қазақстаннан барған генерал И.В.Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы және полковник А.Ф.Наумов басқарған 312-ші атқыштар дивизиясы мен Б.Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі басқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты.

Біз бұл соғыста жауға қарсы атой салған халқымыздың ұлдары мен қыздарын мақтан тұтамыз, олардың ішінде М.Ғабдуллин, автоматшы Т.Тоқтаров, пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, ұшқыштар Т.Бигел­динов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский, Қ.Қайсенов, Г.Ахмедьяров, Б.Жангелдин, Ә.Шарипов және т.б. бар. Ұлы Жеңістің жақындауына тыл еңбеккерлері де зор үлес қосты, олар күндіз-түні егіс даласында, фермалар мен зауыттарда, фабрикаларда жұмыс істеді. Аға буынның осынау ерлік ісі біздің жадымызда.

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері. Біз сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілейміз. Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button