Қарағанды

Құрметті офицер мырзалар мен сарбаздар! Қадірлі қарағандылықтар!

Бүгін барша қазақстандықтар үшін мерекелі де тарихи күн. Ел өміріндегі осы айтулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында Қарулы Күштеріміздің айбары асып, айбындана түсті.

Біздің халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі.

Сондықтан да бүгінде сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарын абыроймен атқарып келеді.

Олардың ұрыс қабілеті артып, қазіргі заманғы қару-жарақтармен жабдықталып, әскер қатары білікті кадрлармен толығып келеді. Отанымыздың шекарасын, аумақтық тұтастығын қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Ең бастысы, жауынгерлеріміздің бойында отаншылдық рух күшейіп, әскери қызметтің абыройы мен беделі көтерілді.

Міне, осындай өз Отаны үшін қасық қанын қиятын ұланы бар, намысы биік, жалын жүректі жастары бар елді ешкім де жеңе алмайтыны анық.

Баршаңызды мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, зор табыс тілейміз.

Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған әскеріміздің айбыны арта берсін!

Мереке құтты болсын!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button