Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ Х ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР!

Үшінші мыңжылдық – адам өміріндегі ғаламдық өзгеріс дәуірі, адам санасы алыс ғарышты, жер қойнауын, теңіздің тереңдігін батыл бағындыра алатын  үлкен жаңалықтар уақыты.

Ғаламдық біріктіру, ақпараттық ағымның өсуі, ғылымның қарқынды дамуы мен технологиялық өрлеу, интеллектуалдық, ғылыми және шығармашылықтың тұрақты дамуымен байланысты әлемнің білім беру жүйесінде де күрделі мәселелерді алға қойып отыр.

Кез келген елдің басты қоры – адами капитал. Сондықтан, жас ұрпақ, Сіздерге күрделі, сонымен қатар, жауапты іс – еліміздің болашағы, Қазақстанды бәсекеге қабілетті, көшбасшы елдердің қатарына қосу міндеті жүктеліп отыр. Еліміз заманауи білім беру жүйесі мен жан-жақты, терең ойшыл заманауи менеджерлерсіз инновациялық экономиканы құра алмайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше қолдауының арқасында 20 жылдан бері еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған мектеп оқушылары еліміздің және алыс-жақын шетелдердің беделді жоғары оқу орындарында білім алуға шақырылады.

Бүгін сіздердің орталарыңызда интеллектуалдық күресте сынға түсетін және өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетуге дайын үздік оқушылар отыр.

Құрметті жас достар! Сіздерді алда қызықты мәдени бағдарлама, жауапты сайыстар күтіп тұр. Теміртау қаласында өткізген күндеріңіз Сіздердің жү­ректеріңізде жылы естеліктер қалдырады деген сенімдемін.

Құрметті балалар! Сіздерге жетістіктер, бақыт, жақсылық, бейбітшілік тілеймін.

А.АЙМАҒАМБЕТОВ,

ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button