Қарағанды

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Баршаңызды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанды 26 жылда әлемге паш етті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – осы бір жауапты әрі ауыр, күрделі де күрмеуі көп, қиындығы мол тарихи да тағдырлы істі жүзеге асыру процесінде елді басқарып, жұдырықтай жұмылдырып, халықты жарқын болашаққа сендіріп, соған жету үшін бар күшін, таланты мен жігерін аямай, орасан еңбек етіп, бүкіл қазақстандықтардың ыстық ықыласы мен ризашылығына бөленген кемел тұлға. Елбасының салиқалы да сабырлы, сарабдал саясаты мен тегеурінді де сенімді түрде жүзеге асырған реформаларының арқасында Қазақстан ғасырға тең жолдан өтіп, жер-жаһанға танылды, зор табыстарға жетті.

Қазақстанды дамыту жолындағы жоба-жоспарлар мен түрлі бағдарламалар тиісті деңгейде орындалып, елдің игілігіне айналуда.

Қарағанды  облысы, оның ішінде, Қарағанды қаласы Президенттің ерекше назарында екені елге мәлім. Сарыарқа төріне келген әр іс-сапарында Қарағанды қаласының дамуы мен атқарған істеріне егжей-тегжейлі мән беріп, халықпен жүздесуі осы сөзімізге айқын дәлел. Қаламыздың келешегіне деген зор үміті мен сенімін де әр сапар барысында Нұрсұлтан Әбішұлы айтып келеді.

Қадірлі жерлестер!

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы, еңселі ел атануы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасымен тығыз байланысты. Тәуелсіз мемлекеттің күнтізбесіндегі жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні – барша халықтың Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа артқан биік сенімінің, ізгілік-құрметінің жарқын дәлелі. Бұл атаулы мерекеде ір шаңыраққа денсаулық, игілік, табыс , ал Отанымыз – Қазақстан Республикасы әлемдік аренада әлі талай асуларды бағындырсын деп тілейміз!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button