Құрметті қарағандылықтар! Қадірменді қонақтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн көпұлтты халқымыздың айшықты мерекесі және бейбітшілік пен келісімнің белгісі. Бүгінгі таңда ұлттарды ұйыстырып, діндерді табыстырып, достық пен өзара келісімді басты мақсат етіп отырған еліміз талай табыстарға, жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында атап көрсеткеніндей: «Биыл ең қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық 25 жылдық мерекесі. Еліміздің тәуелсіздік тарихы татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісім шежіресі мызғымас бірліктің жылнамасы».
Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Тарихи тұрғыдан қысқа ғана мерзімде Бейбітшілік, Достық, Келісім ұғымдары бірлігі жарасқан тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізіне айналды. Осы орайда ұлттық бірліктің «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын іске асырудың бірегей тетігі екенін айта кету керек.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап біз күшімізді ынтымаққа негізделген мемлекет құруға жұмсадық. Осы кезеңде этникааралық және конфессияаралық тепе-теңдіктің құқықтық негізі жасалды. Біз үшін Қазақстан – ортақ шаңырағымыз, аяулы Отанымыз. Сондықтан да, Бірлік мерекесі қаламыздың әрбір азаматының жүрегінде орын тапқанына сенеміз.
Құрметті
қарағандылықтар!
Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз. Береке, бірлік, ынтымағымыз жарассын! Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген халқымыздың достығы жасасын! Қазақ елінің даңқы арта берсін!
Н.Әубәкіров,
Қарағанды
қаласының әкімі.
Қ.Бексұлтанов,
Қарағанды
қалалық
мәслихатының
хатшысы.