Қарағанды

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – біздің егемен еліміз үшін достықтың, бірліктің, жасампаздықтың нышанына айналған маңызды мерекелердің бірі және тарихымыздағы ерліктің жарқын жолдарымен тікелей байланысты. Шуақты мереке – жалпы мақсаттар мен міндеттерді біріктіретін ұлттық келісім мен бірлік идеясының нышаны.

Біздің облысымыз – еліміздегі көпұлтты өңірлердің бірі. Қасиетті Сарыарқа жерінде 100-ден аса этностар бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Олардың көпшілігі сұрапыл соғыс және репрессия, аштық жылдары Қазақстанға жер аударылды және қазақ халқының қонақжай қасиетінен қуат алып, елімізді өздерінің екінші Отанындай сүйеді.

Бүгінгі күні ортақ Отанымызды шексіз сүйетін және сенім артатын біздердің барлығымызды жасымызға, әлеуметтік жағдайымызға, ұлтымызға және діни сенімімізге қарамастан Қазақстанды мықты, ұлы және көркеюші мемлекет етуге деген ұмтылыс біріктіреді.

Ұлтаралық келісім, толеранттылық және ұлт бірлігін қалыптастыру мен жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі ерекше. Ол азаматтық татулық пен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуда мемлекеттік органдармен, этно-мәдени бірлестіктермен, азаматтық қоғам институттарымен тепе-тең және үйлестіруші қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Бейбітшілік пен тұрақтылық өздігінен қалыптаспайтынын қоғам мен азаматтарымыз білулері керек. Мемлекет этносаралық және конфессияаралық процестердің жағдайын жіті бақылауда ұстайды деді, – Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында сөйлеген сөзінде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, барлық мемлекеттік органдар ұлттық бірлігімізді нығайту жолында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Құрметті достар!

Бейбітшілік пен ауызбіршіліктің нәтижесінде, біз мықты, табысты, рухани бай елді құра аламыз.

Көктемнің шуақты күнінде Сіздерге мерекелік көңіл-күй, зор денсаулық, істеріңізге табыс, туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға амандық тілейміз.

Ортақ үйіміз – көпұлтты Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button