Құрмет көрсетілді
Өмір бойы әскери лауазымда қызмет еткендігі болар, Октябрь ауданы Ардагерлер ұйымының басшысы Марат Аймағамбетов өзінің жұмыс жоспарын уақытпен санаспай, мүлтіксіз орындай білетін талантты, қабілетті ұйымдастырушы екендігін көпшілік жұрт біледі.
Ол 2009 жылдан бері осы ауданның Ардагерлер ұйымын басқарып, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жастармен патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізуге тікелей өзі араласып, белсенділік көрсетіп, ұйымның мүшелерін қоғамдық жұмысқа араластырып, ұйым беделін арттыруда көп еңбек сіңірді. Қарағандылық Кеңес Одағының Батырлары – Покатиловқа, Павловқа, олардың атындағы ғимараттарға ескерткіш тақталар орнатылды. Көптен бері Майқұдықтағы М.Мамыраев атындағы республикалық әскери-техникалық мектептің алдына Батырдың бюстін орнату шешілмей келе жатқан мәселе болатын. М.Аймағамбетовтің билік басындағылармен тіл табыса білуінің арқасында бұл мәселе шешіліп, қазір бюст орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.
Тынымсыз басшы үнемі ардагерлермен тығыз байланыста. Олардың тыныс-тіршілігін жатқа біледі. Облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдары аудандық Ардагерлер ұйымының жұмысын оң бағалауда. Таяуда ұйым басшысына Ардагерлердің Республикалық Орталық Кеңесінің шешімімен «Құрмет белгісі» тапсырылды.
Октябрь аудандық Ардагерлер кеңесінің жұмысы бұдан да нәтижелі бола беретіндігіне сенім мол.
Октябрь аудандық
Ардагерлер кеңесі.