Әріптестер құрмет төрінде

Қарағанды облыстық дін істері басқармасы ұйымдастырған журналистер арасындағы байқауда әріптестеріміз жүлделі болып, медиахолдинг мерейін асырды.

«Мерзімді басылымдағы үздік мақала» аталымында I орынды «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Жәлел Шалқар, II орынды «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Самал Ахметова алды. Ал, III орын Жансая Амантайға бұйырды.

«Интернет БАҚ-тағы үздік материал» бойынша «LIFE09» ақпарат агенттігінің редакторы Аяжан Кеңесбек жеңімпаз атанды.

Ortalyq.kz