Ресейлік сарапшы: «Тоқаев – уақытша президент емес»

Ресейлік сарапшы Леонид Млечин өзінің YouTube-тағы арнасында Қазақстандағы Президенттік сайлауға тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікірімен бөлісті.

«Тоқаев – уақытша президент емес. Ол Президенттік мандаты бола тұра, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл өте дұрыс шешім» деді Л.Млечин.