Спорт

Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

Орташа ауыр салмақта бұрынғы UFC белдігінен үміткер, қазіргі таңда UFC версиясы бойынша тоғызыншы номердегі жекпе-жек шебері Чейл Соннен қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновқа қатысты пікірін білдірді.

Америкалық файтер Джефф Нилді жеңген соң Шавкат Рахмонов бүкіләлемдік жекпе-жек қызығушыларының назарына ілінді. Олар оның жекпе-жек өткізудегі әдіс-айласын және салқынқандылығы мен соққыға төзімділігін айтып, тамсануда.

– Елдің бәрі Шавкат пен Колви Ковингтонның арасындағы жекпе-жек туралы айтуда. Колви Шавкатқа қарсылас емес, меніңше. Шавкат Рахмонов пен Йен Гэрри жұдырықтасуы керек. Екеуі де сегіз бұрышта тамаша жұмыс жасауда. Мүлде жеңіліп көрмеген. Ал, жанкүйерлер бұл жекпе-жекті қуана көрер еді, – деді америкалық файтер Чейл Соннен.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button