Спорт

Рахмонов пен Гастелум жұдырықтасуы мүмкін бе?

Отандасымыз Шавкат Рахмонов орта салмақтағы UFC чемпионы атағына экс үміткер Кевин Гастелумды жекпе-жекке шақырды.

Мамыр айының ортасында Кевин Гастелум  орта салмақ дивизионына қайта оралатынын мәлімдеген болатын. Ол өз мансабында 25 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жеткен. сегізінде жеңіліс тапқан. Одан бөлек, тағы бір жекпе-жегі болмай қалған.

Кевин Гастелум орта салмақ дивизионына қайта оралатынын айтқанда отандасымыз Шавкат Рахмонов өзінің Twitter парақшасына: 

– 170 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесіне қайта оралатын Келвин Гастелумды өзім қарсы алайын ба? – деп жазды. 

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button