Әр мәселе – назарда
Жуырда Приозерск қаласының әкімі Қайрат ҚАМЗИН азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау кестесіне сәйкес, қала тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға алдын ала тіркелген азаматтар мен олардың мәселелері бойынша тиісті мекемелердің басшылары қатысты.
Шаһар тұрғындары, әсіресе, тұрғын үй мәселесіне қатысты ойларын алға тартты.
Қала басшысы азаматтардың мәселелерін тыңдап, оларға заңға сәйкес тиісті жауаптарын берді.
Сондай-ақ, қала әкімі аппаратының мәжіліс залында қала әкімі орынбасарының төрағалығымен «Ашық есік күні» өтті.
«Ашық есік күніне» келушілерді жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға қызмет көрсетуші мекемелер басшылары қабылдады.
Жалпы, қоғамдық қабылдауға 3 қала тұрғыны келді. Тұрғындардың «Ашық есік күніндегі» көтерген мәселелері де тұрғын үй тақырыбын қамтыды.
Қабылдау барысында қала әкімінің орынбасары Д.Сәденов заңға сәйкес түсініктемелер берді.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.
ПРИОЗЕРСК қаласы.