Спорт

QJ League турнирі басталды

Қазақстанда QJ League турнирі басталды. Турнирдің бірінші маусымында 18 жасқа дейінгі 12 команда өзара бақ сынасады. Бұл турнирге қарағандылық «Шахтер» клубының тәрбиеленушілері де қатысады. Ал, кездесулер апта сайын өткізілмек. Турнир соңында үздік шыққан жас футболшыларды іріктеп, УЕФА жастар лигасы құрамына алады.

Турнирге бірнеше жыл бойы еліміздің барлық өңірінен жас футболшылар қатысуда. Бұл турнир жас футболшылардың қанатын қатайтып, тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік беретін жобалардың бірі. 2025 жылдан бастап аталмыш чемпионатқа 18 жасқа дейінгілерден бөлек, U-17 және U-19 жасқа дейінгілер арасында қосымша тағы екі лига құрылмақ. Сонымен қатар, қыздар арасында да бір лига ашылатын болады.

Биылғы маусымда барлығы 132 мач ойналады деп жоспарлануда. Әр команда 22 ойыннан, яғни, 11-і өз алаңында, 11-і сырт алаңда ойнайды. Матчтар Qazsport, Qsport және Setanta Qazaqstan секілді спорттық телеарналарда көрсетіледі.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button