Бас тақырыпЖаңалықтар

Qazaqstan телеарнасында сайлауға арналған онлайн-марафон өтуде

23 тамызда Qazaqstan телеарнасында сайлау барысын жан-жақты ақпараттандыруға арналған республикалық онлайн-марафон басталды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Тікелей эфир таңғы сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағатқа жуық уақытқа созылатын марафон барысында сайлау барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады.

Эфирге қоғам белсенділері, түрлі сала мамандары, сарапшылар, журналистер, блогерлер, спортшылар және шығармашылық индустрия өкілдері қатысуда. Арнайы алаңда қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, спикерлер өз көзқарастары мен пікірлерін білдіреді.

Сонымен қатар Touch Screen интерактивті жүйесі арқылы Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері мен елдің негізгі статистикалық деректері көрермен назарына ұсынылады.

Жоба сайлау процесін жедел жеткізіп қана қоймай, қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға арналған ауқымды ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button