Приозерск қаласында «Жастар толқынында» фестивалі өтті

Приозерск қаласында талантты жұмысшы жастарды қолдау мақсатында «Жастар толқынында» фестивалі өтті.

Аталмыш шарада қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, аймағымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жастарды марапаттау рәсімі өтті. Қалалық мәслихат депутаты Т.Қарабалаев, Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Шарбекова, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы У.Алмас белсенді жастар өкілдерін құттықтап, естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстады.

Салтанатты жиын соңы қаланың орталық алаңында жастарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

А. Жабдикова