Президент: «Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының әділ және ашық өтуіне кепілдік беретінін айтты.

“Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  

Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!

Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін”, — деді Мемлекет басшысы.