Жаңалықтар

Президент Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды, – деп жазылған Ақорданың хабарламасында. 

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button