Жаңалықтар
Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендету үшін бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың табысын арттыру үшін инфляциямен жүйелі күресу қажеттігін айтты.

“Сондықтан біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет”, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны азаматтардың әл-ауқатын күн сайын әлсірететін үнсіз жауға теңеді. Оның айтуынша, бағаның өсу қарқыны біршама бәсеңдегенімен, инфляция деңгейі әлі де жоғары.
“Сондықтан, ең алдымен, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Бұл – аса маңызды міндет”, – деді Мемлекет басшысы.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Ақорда



