Бас тақырыпПрезидент
Президент: “Халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз”
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арналған телевизиялық үндеуінде коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.
«Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, бұл індет біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы 08:00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режімі отыз тәулікке созылады. Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-Министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шарасы жүзеге асырылады», – деді Мемлекет басшысы.