ШахтинскАймақБас тақырып

Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинскідегі бірқатар нысанды аралады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапарымен Шахтинскіге барып, жылыту маусымына дайындық, жол жөндеу және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Суреттерді түсірген Александр Марченко

Қазіргі таңда Шахтинскідегі жылу электр орталығында үш қазандық жөнделіп, жабдықтар жаңартылуда.

Сонымен қатар 8,4 шақырым жылу желісі ауыстырылып жатыр. Өңір басшысы бұл жұмыстардың алдағы жылыту маусымын тұрақты өткізу үшін маңызды екенін атап өтті.

Сапар барысында “Қарағанды – Саран – Шахтинск” автожолын күрделі жөндеу барысы да қаралды. Бүгінде 19 шақырым жолдың 16 шақырымына асфальттың үш қабаты төселген. Биыл Шахтинск өңірінде жалпы ұзындығы 26,2 шақырымды құрайтын алты жол жөндеу жобасы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан орталық қалалық аурухананы аралап, инженерлік желілерді, шатырды, қасбетті және ішкі бөлмелерді жаңарту жұмыстарымен танысты.
Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен 180 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жұмыс сапары тұрғындармен кездесумен аяқталды. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, бірінші кезекте шешілуі тиіс міндеттер айқындалды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button