Жаңалықтар

Президент: “Абай шығармалары – адамзатқа ортақ рухани жауһар”

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия жазушыларының форумында төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты екенін айтты.  

«Қазақ әдебиеті халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына. Тұтас түркінің ортақ мұралары Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жырлары мен Қорқыт ата кітабы – әдебиетіміздің түп тамыры. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ұлы тұлғалардың еңбектері  ислам дәуірінде түркі жұртын бүкіл дүниеге танытты. Алтын орда заманындағы жыраулық поэзия  дәстүрі өз жалғасын тауып келеді.  Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты. Оның шығармалары жалпы адамзатқа ортақ  рухани жауһарлар»,-  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button