Басты тақырыпЖаңалықтарШахтинск

Полинаға пианино сыйлады

  Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайда ата-анасын жоғалтқан Полина АНДРОПОВАҒА облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдігінің мүшелері пианино тарту етті.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Қарағанды облысының этно-мәдени бірлестіктері мен Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері Полина Андроповаға арнайы көмек көрсетуге ниет танытқан. Полинаның пианино аспабында ойнауды ұнататынын ескерген ассамблея мүшелері осы аспапты сыйлауға өзара келіскен болатын. Себебі, құлаған үйден оның ескі пианиносын алып шығуға мүмкіндік болғанмен, ол істен шыққан екен.

Қонақтарға алғысын білдірген Полинаның әжесі Нина Смирнова: «Ата-анасы музыкамен айналысқанын қалап, көп уақыттарын соған бөлетін. Полина қазір музыкалық мектепте оқиды. Оның басты арманы – музыкалық аспапта шебер ойнау. Алдағы уақытта бізді жетістіктерімен қуантады деп үміттенеміз», – деді.

Оқушыға фортепианодан сабақ беретін ұстазы Алла Рафикова оның аспапта ойнауда қатарластарынан әлдеқайда алда екенін, болашағынан зор үміт күтетінін айтады.

Увайс ДЖАНАЕВ, Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі:

– Біз Полинаға ата-анасынан ай­ыр­ған қайғылы оқиғаны ұмыттыруға аз да болса көмегіміз болсын деген ниетпен келдік. Өзі сүйіп ойнайтын аспабы баланың жабырқаған көңіліне демеу болар деген үміттеміз.

Ассамблея мүшелері алдағы уақытта Андроповтар отбасына қарайласып тұратынын жеткізді. Полина қонақтарға Моцарттың «Мэнует» туындысын орындады.

Аяулым СОВЕТ

Шахтинск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button