Руханият

Қоянды жәрмеңкесінің көзіндей

Облыс музейлерінде өткен күнді көз алдыңызға әкеліп, қиялыңызды сонау ғасырларға жетелейтін жәдігерлер көп. Газеттің былтырғы сандарына оннан астамын жариялаған едік. Биыл да жалғастырмақ ниеттеміз. Осы жолы Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде сақталған сейф көңіл назарын өзіне бұрғызды.

Сурет музей қызметкерлерінен

Бұл сейфті 1857 жылы неміс құрастырушысы Меллер Мәскеуде жасаған екен. «Меллер сейфі» деп аталады. Болаттан жасалған. Қызығы – сейфті Меллердің жасағанында емес, мұнда әйгілі Қоянды жәрмеңкесіндегі ақшаның сақталуында. Жәрмеңкеден түскен табыстың барлығы осында салынған деседі.
Музейдің ғылыми қызметкері Сәтбек Сламбеков сейфтің сол күйінде сақталғанын айтады.

– Өте сапалы жасалған. Екі ғасырға жуық уақыт өтсе де сырын бермеген. Музейге келгендердің барлығы осы сейфке қызығады. Музей қорына 2017 жылы Қарқаралы қазынашылық басқармасының басшысы Мұрат Тойынбеков тапсырған. Табанындағы «Меллеръ существ» және «Москва СЪ 1857г.» деген жазулары өте анық көрінеді, – деді Сәтбек Сламбеков.

Атақты Қоянды жәрмеңкесінен түскен табысты сақтаған, көненің көзіндей болған сейфтің әлі де бірнеше ғасыр сақталары сөзсіз.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button