Бас тақырып

«Отбасы банкке» ресми мәртебе беріледі

«Отбасы банкке» ұлттық даму институты мәртебесі беріледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осындай Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: hcsbk.kz

– 30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады. Заң жобасы аясында Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бере отырып, ұлттық даму институты мәртебесін беру ұсынылады, – деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.

Заңнамадағы өзгерісті іске асыру үшін министрлік «Отбасы банк «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына ұлттық даму институты мәртебесін беруді ұсынып отыр.

Еске салайық, аталған заң жобасы бойынша баспана кезегіне қою, кезектің сақталуын қадағалау, кезектегілерге тұрғын үй үйлестіру жұмыстары «Отбасы банк» пен соның жанынан құрылатын Тұрғын үймен қамту орталығына беріледі.

Құжатты Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістермен бірге қабылдап, Президентке жолдаған болатын.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button