ЖаңаарқаРухани жаңғыру

Қос жобаға – ықылас ерен

Жаңаарқа аудандық мәдениет үйі жанындағы «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені қазіргі күрделі кезеңге қарамастан, қиыннан қиыстырып, интернет желісі арқылы онлайн форматында екі жобаны көрермендер назарына ұсынды. Кешеннің меңгерушісі Гүлшара ОСПАНОВАНЫҢ бастамасымен жүзеге асырылған жобалары қалың бұқараның қолдауына ие болып, алғысына бөленді. Бұрынырақта мәдени-сауық кешені жүйелі түрде ауыл-ауылды аралап, қоғам өміріне қатысты түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін, көпшілік қауымға өлең-арнау, ән-күйден шашу шашатын. Соңғы жылдары белгілі себептермен осы бұқаралық шара тоқтап, тоқырап қалған еді. Жоғарыда аталған жобалар сол олқылықтың орнын толтырғандай болды.

Екі жобаның бірі «Аналар – асыл жандар» деп аталады. Жобаның мақсаты – отбасының тыныштығын, береке мен бірлігін сақтап, жылылық пен жан шуағына бөлеп отырған алыс елді мекендердегі көпбалалы аналардың қоғамдағы орнын, бала тәрбиесіндегі ұшан-теңіз еңбегін халыққа насихаттау.

Аталған жобада алдымен белгілі бір ауылдың көп бала тәрбиелеп өсірген, отбасына, айналасына аналық мейірін төгіп отырған бір топ абыралы аналарының, ақ жаулықты әжелерінің өнегелі өмір жолы туралы мағлұмат беріледі. Қанатын кеңге жайған қалыпты тыныс-тіршілігі жайлы баян етіледі. Атап айтқанда, жобалар сериясы ауданның Түгіскен ауылындағы «Алтын алқа» иегерлері Хадиша Мүсіпова, Рауза Есмағамбетова, Бидайық ауылындағы Райхан Әбеуова, Ералиев ауылындағы Сәпияш Мұсабекова, Жұмажанов ауылындағы Тоқбала Құдайымберлина, Ақтүбек ауылындағы Тоты Бөгенбаева, Қарлығаш Әлмусина, Орал Өтебаева, Рәтай Айтмаханова, Зәуре Мақажанова және тағы басқа немерелерін тәрбиелеп отырған алтын құрсақты аналарға арналды. Соңынан ән мен жырға кезек берілді.

Тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақталған шағынан ізгіліктің дəнін сепкен аналардың қай-қайсысы болсын зор құрметке лайық. Осындай идеяны алға ұстаған жоба көпшіліктің көңілінен шықты.

Екінші жоба «Дала төсін дүбірлеткен ерлер» деп аталады. Жобаның мақсаты – «Адал еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленсе, сол адамның өмірі – ғибрат» деген ұстанымды алға тарта отырып, ауыл еңбеккерлерінің елі үшін, халқы үшін жасаған адал, ерен еңбектерін, ғибратты өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету, жаңа буынды ел мен жердің «Туған жерге туың тік!» Жаңаарқа аудандық мәдениет үйі жанындағы «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені қазіргі күрделі кезеңге қарамастан, қиыннан қиыстырып, интернет желісі арқылы онлайн форматында екі жобаны көрермендер назарына ұсынды. Кешеннің меңгерушісі Гүлшара ОСПАНОВАНЫҢ бастамасымен жүзеге асырылған жобалары қалың бұқараның қолдауына ие болып, алғысына бөленді. қасиетін бағалайтын, туған топырақты, елін қадірлейтін тұлға ретінде қалыптастыру.

Мұнда Байдалы би ауылынан Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Мағауия Әбілжанұлы, «К-700» тракторының жүргізушісі, «Ақбұлақ» комсомол жастар сауыншылар бригадасының жетекшісі, «Құрмет белгісі» орденді Мәкен Аппасова, Түгіскен ауылынан Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Жеңіс» совхозында 20 жылдан астам директор болған Сүйіндік Байкенов, даңқты шопан, Социалистік Еңбек Ері Сатан Ысқақов, Сәкен Сейфуллин ауылынан қазақ күресінен спорт шебері, «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту орденді Ғазиз Әбдіков, Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған Мәди Шәкентаев (марқұм), Орынбай ауылынан даңғайыр шопан, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Сайлаубек Рысбеков, Талдыбұлақ-Ескене ауылынан «Жібек» механизатор қыздар бригадасы, Ералиев ауылынан еңбек ардагері Әден Тәжібаев, Ақтүбек ауылынан еңбек ардагері Диқанбай Түсіпов, Айнабұлақ ауылынан тың игеруші, «Еңбек даңқы» орденінің иегері Владимир Гацапук және тағы басқа ауыл мақтаныштары кейіпкер ретінде таңдалды.

Бізге бақытты өмір, бақуатты тірлік сыйлаған ғазиз жандарға деген құрмет қашанда, қандай жағдайда да толастамауы керек. Осы орайда, қазіргідей, адамзат баласы бұрын-соңды көрмеген алапатпен арпалысып жатқан алмағайып кезеңде қиыннан қиыстырып, мынадай өміршең жобаны ойлап тауып, көрермен көзайымына айналдырған аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлеріне, оның ішінде «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешенінің меңгерушісі Гүлшара Мұқатайқызына қалың бұқараның алғысы шексіз. Бұл бағдарлама алдағы уақытта жүйелі жалғасын табады, дәстүрге айналады деп сенеміз.

Салтанат ЕРАЛИНА.

ЖАҢААРҚА ауданы.

СУРЕТТЕ: 1. Сахна төрінде «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешенінің меңгерушісі Гүлшара ОСПАНОВА.

Басқа материалдар

Back to top button