Жағымды жаңалық
Қос шаңырақтағы қоныс тойы
Нұра ауданында екі отбасы үйлі болды. Үш бөлмелі үйлердің кілттерін салтанатты түрде аудан әкімі Аян ШАЛМАҒАНБЕТОВ табыстап, қуаныш иелерін қоныс тойымен құттықтады.
Мүмкіндігі шектеулі ұл тәрбиелеп отырған Ботакөз Бұқпина мен үш баласы бар Айгүл Нұрпейісова аудан басшылығына шексіз ризашылықтарын жеткізді.
– Үйіміз өте жайлы, жарық. Үш бөлмелі үйімізде ас үй, жуынатын бөлме жабдықталған. Орталық су желісі, су жылытқыш та бар. Біз бұл күнді ұзақ күттік. Әсіресе, балаларымыз қатты қуанды, – дейді Айгүл Нұрпейісова.
Былтыр ауданда тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 16 пәтер берілді. Оның ішінде, жетім балалар, көп балалы отбасылар бар. Биыл 24 gотбасыға баспана кілтін табыстау жоспарланып отыр.
Қасымхан ҒАЛЫМ.
НҰРА ауданы.