Аймақ

Қос кейуана үйлерінде таңдау жасады

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, халық арасындағы саяси науқан мәреге жетуге сәл-ақ қалды. Көптеген үміткерлердің бағдарламаларымен танысып, ой елегінен өткізген халық өз таңдауларын жасауда белсенділік танытуда. Бәрінде бір мүдде-Жаңа Қазақстанға батыл қадам, ортақ мақсаттары-Отанның тыныштығы. Осы саяси науқанға Қарқаралы ауданының тұрғындары да ерекше көңіл күймен қызу атсалысуда.

Алдыңғы екі күндегі ауа райының қолайсыздығы сайлаушылардың таңдау жасауына еш кедергі емес. Ауылдарға жол ашылып, сайлау науқанының ашық әрі әділ өтуіне, халықтың өз таңдауын жасауына мүмкіндік бар.

Аудан бойынша 51 сайлау учаскесі, 20 мың 209 сайлаушы бар. Сайлаушылардың басым бөлігі аудан орталығында. Қала басында 6108 сайлаушысы бар төрт учаске жұмыс жасауда.

– Жұмысшылар кенті Қарағайлыда 2167 сайлаушысы бар №569, №570 сайлау учаскелерінде жұмыс қарқынды. Сайлауға, дауыс беруге деген халықтың ынтасы жоғары. «Қазақмыс» АҚ-ның Қарағайлы кен байыту фабрикасы мен «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Өркен-Кентөбе ЖШС-дегі вахталық жүйедегі жұмыскерлері ұйымдасқан түрде автобуспен келіп дауыс беруде, – дейді №569 сайлау учаскесінің төрағасы Жазира Мұратқызы.

Әділетті Қазақстан құруда маңызды қадам жасауға келген сайлаушыларға аудандық Жастар ресурстық орталығы «JasStar» еріктілер желісінің ұйымдастыруымен «Baursak party» акциясын өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Маңызды науқанды қарқаралылық жастар да батыл қадам жасауда.

–  Жастар жарқын болашақтың кепілі. Менде Жаңа Қазақстанның жас азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Озық ойлы, талапты, іскер үміткерді таңдау халық үшін қашанда тиімді, – дейді алғаш рет сайлауға қатысқан жас азамат Тоқтар Нуарбек.

1323 сайлаушысы бар Егіндібұлақ ауылындағы сайлаушылардың жартысынан көбі өз таңдауларын жасап үлгерген. Әсіресе, үлкен адамдардың белсенділігі жоғары. Жалпы, егіндібұлақтықтардың сайлау науқанындағы көңіл күйлері көтеріңкі десе де болады.

Тағы бір айта кетерлігі, аудандағы ең жасы үлкен қос қария да аталмыш науқаннан тыс қалмады. Көзі ашық, көкірегі ояу қарттарымыз 102 жастағы Шамшабану Ақпарова мен 93 жастағы Райхан Мырзаханова лайықты деген үміткерлеріне өз үйлерінде таңдау жасады.

Сағыныш ӘБІЛ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button