Спорт

Қос боксшымыз ширек финалда 

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында шаршы алаңға шыққан төрт боксшымыздың екеуі жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат Райыс Доминикан Республикасының өкілі Де Лос Сантос Дельгадонмен жұдырықтасқан еді. Төрешілердің шешімімен отандасымыз жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. 

Ал, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Роланд Верешты жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін отандасымыз Сәкен Бибосынов қарсыласынан жеңіліп қалған болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button