Спорт

Қос боксшымыз – финалда

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды.

48 келі салмақта жұдырықтасқан Санжар Тәшкенбай жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянды 5:0 есебімен жеңді. Енді финалда Грузия боксшысы Сахил Аллахвердовимен кездеседі.

Ал, 54 келіде өнер көрсеткен Махмұд Сабырхан кубалық Йосвани Вейтииден басым түсіп, ақтық бәсекеге жолдама алды. Отандасымыздың жартылай финалдағы қарсыласы Әлем чемпионаттарында жеңімпаз да, жүлдегер де атанған. Соған қарамастан қарсыласынан айласын асырып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button