Спорт

Қос қазақстандық боксшы 1/8 финалда

Бокстан Әлем чемпионатының алтыншы күнінде шаршы алаңға шыққан Дулат Бекбауов пен Асланбек Шымбергенов қарсыластарын жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Бүгін бірінші болып рингке көтерілген 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дулат Бекбауов румыниялық Андрей Мустетовты жеңді. 

Ал, 71 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Тринидад және Тобагодан келген боксшы Аарон Принсті үйіне қайтарды. 1/8 финалға жолдама алған қосқазақстандықтың ендігі  қарсыластары алдағы уақытта белгілі болады. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button