«Орталықтың» олжасы

   Қасиетті Тәуелсіздік күнінде редакциямызға қос бірдей қуанышты жаңалық жетті. Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының Бірінші орынбасары, қарымды қаламгер Ерсін МҰСАБЕКОВ және басылымның ардагері, танымал журналист Амандық РАХҰЛЫ «Ақпарат саласының үздігі» атанды.

    Мұндай төсбелгі – Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан берілетін ең жоғары марапат. Қос тарлан да лайық. Екеуі де елдің жүрегінен ойып тұрып орын алған. Өткір пікірі мен жорға жазуы арқылы.

Басылымның басшысы Мағауия Сембаев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін Ерсін Мұсабековке салтанатты түрде тапсырды.

    Дәл осындай рәсімді өткізу үшін Бас редактордың орынбасары Төрехан Майбас Жезқазған қаласына арнайы барды. Төсбелгіні газеттің сол өңірдегі меншікті тілшісі болған Амандық Рахұлының кеудесіне тақты. Рәсім Жезқазған қаласының әкімдігінде өтті. Іс-шараға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы, руханият жанашылары қатысты.

    «Орталық» – олжасыз қалмайды. Ормандай оқырманы барда!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.