АймақБас тақырыпҚарағанды

Орталық саябақта Face ID көмегімен іздеудегі адамдарды анықтайтын бағдаршам орнатылды

Қарағандыда жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа жүйе іске қосылды. Орталық саябақтың Жауынгер-интернационалистер көшесі жағындағы кіреберісінде ақылды жаяу жүргіншілер өткелі жұмысын бастады.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Жаңа кешен қызыл жарыққа өткен жаяу жүргіншілерді тіркеп қана қоймай, Face ID технологиясының көмегімен ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды анықтай алады. Құқық бұзушылық тіркелген жағдайда ақпарат автоматты түрде жақын маңдағы полиция бекетіне жіберіліп, сол жерде әкімшілік хаттама жедел рәсімдей алады.

 

Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, бағдаршамның тыйым салатын сигналына жолды кесіп өткені үшін 8 650 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 43 250 теңгеге дейін ұлғаяды.

Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қала қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button