Жаңалықтар

«Орталық» оғландары – төрткүл дүние төрінде

       Алты құрлықты аралап, көрген-білгенін алты ауыз сөзге сыйдырған әріптестеріміз жолай жазғандарын жолжазбаға сыйдырып бақты. Еуропада еңсе тіктеп, Америкада айыл тартқан қажырлы қаламгерлердің сиясында сырғыған ерекше естеліктері үзік-үзік сіздерге де ұсынылып отыр.

img_0710

Мағауия СЕМБАЙ,
      «Орталық Қазақстан»

        «…Ұлы Даламызда да жақсы дәстүрлер болған. Әріге бармай-ақ, Шыңғыс ханның өсиеттері өлмейтін дәстүр еді-ау. Ұрпақтары ұстамады. Аяғы немен біткені белгілі…
Осы өзіміздің Шаншар елінен бір болыс атамыз Меккеге барып ауырып, хал үстінде жатады. Еріп барған серіктері: «Елге не сәлем айтасыз?» – дейді ғой. Сонда ол: «Елге сәлем айтыңдар, кісі қызығып өлетін жер емес екен», – депті. Сол атамыз айтқандай, кең далада еркін өскен біздер үшін Лондон кісі қызығып тұратын жер емес. Бір көріп қайтуға әбден болады.»

“Ұлы даладан – Ұлыбританияға”, 2008 ж.

   Ерсін МҰСАБЕК,
       «Орталық Қазақстан»

%d0%b5%d1%80%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d0%bc%d1%83%d1%81%d0%b0%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%be%d0%b2-3

          «…Ұшақтамыз. Көлігіміз – апта бұрын апатқа ұшыраған «А-320» маркалы аэробус. Төменде – Карпат пен Альпі. Намысы – наркескен, Арқада арда өскен бабалар жолымен сапарлап келемін. Атпен емес, ұшақпен. Менің артықшылығым да, мүмкіндігім де осы еді. Сегіз күнде ту­ған елді қатты сағынып, сергелдең күйге түс­кенмін. Ақша жымқырып, Отанын сатқан опасыздар қалай жүреді екен жат то­пырақта?»

“Еуропа жүрегінде екі күн”  жолжазбасынан.

       «…2007 жылы мен   облыстық әкімдіктің тапсырмасымен бір топ  қарағандылық журналистермен бірге Куба жерінде болып, сол  елде өзінің азаматтық борышын өтеу барысында  1964 жылы қаза болған қазақ жауынгері Элс Мұқатовтың  қабіріне тағзым ету  рәсіміне  қатыстым.  Кубалық достар алыстан келген бізді құшақ жая қарсы алды. Ел астанасы Гавананы аралап, Варадеро деп аталатын  курортты жер жұмағында болған сәтіміз әлі күнге дейін есімізден кетпейді…»%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%be%d0%b6%d0%b8%d0%bd-28

Аман ЖАНҒОЖИН,
“Бостандық аралында” жолжазба, 2008 ж.

Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»

         «…Иә. Әлі жолдамын. Бір уақыттарда «Каргаполье» деген станциядан өттік. Қарғабойлы Қазтуғанның атасы Сүйініштің күйеу болып баратын жұрты. «Біздің жер» дедім.
      “Ойым – Ақайда, тойым – Тоқайда” Қазан қаласына барған жолжазбадан үзінді.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық  Қазақстан»

«…Содан бері 21 жыл өтті. ҚарМУ-дің магистрантына Моцарт елін көру бақыты бұйырды. Санкт-Петербург арқылы Венаға түскенде күн күлімдеп тұрды. «Billa» дүкендер желісінен сусын аларда кішкене дүңгіршектегі дүкен тағамдарының қатарында орналасқан кәмпит көзге оттай басылды.»

“Ақсораңнан  – Альпіге
аттанғанда” Аустрия еліне
барған жолжазбадан үзінді.

Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»

«…Айналып келгенде, Словакияның жер аумағының өзін ертедегі қазақтың іргелі бір байының бір-ақ көштік жерімен салыстыруға әбден болады. Қазақ даласындай қайда, бірақ! Біз сонда да сол жерге сыймаймыз. Жаның шыжғырылатыны – сол.»

“Екіндіде ес жиған Еуропа” Словакия еліне
барған жолжазбадан үзінді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button