Жаңалықтар

Орақ науқаны аяқталды

   Облыста дәнді дақылдар мен картоп жинау жұмыстары тәмамдалды. Көкөніс жинау науқаны аяқталуға жақын. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен өткен аппарат жиынында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан БЕКҚОЖИН мәлімдеді.

– Облыста дәнді-дақылдарды жинау толығымен аяқталды. Биылғы жылы 780 мың тонна дақыл орылды. 8375 гектар аумақтан картоп жиналды. Бұл – 100 пайыз. Биылғы жылы дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі бір гектардан 10,1 центнерді құрады. Қарқаралы ауданында көкөніс жинау жалғасып жатыр. Әлі де жүз гектар жерден өнім жинау керек. Бұл жұмыстар алдағы күндері аяқталуы тиіс, – деді басқарма басшысы.

Науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз ету жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018  жылға дәрі-дәрмектерді сатып алуды қаржыландыру мәселесі шешілген. Денсаулық сақтау министрлігі рекордтық сома 9 млрд. теңге бөлетін болды.

Тегін дәрі-дәрмектер қант диабеті, Крон дерті, АИТВ, туберкулез және тағы басқа ауруларға шалдыққан адамдарға тиесілі. 2017 жылы дәрмектерді алуға 3,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

– Дәрілерді сатып алуда шартты  үнемнің арқасында біз 383 млн. теңге үнемдедік, – деді Ержан Нұрлыбаев. – Біз ол ақша қосымша сатып алуға облысқа қайтарылуы үшін қосымша келісімге қол қойдық. Ол медикаменттердің алғашқы легі қазанның бірінші онкүндігінде түсуі тиіс.

Сонымен бірге, 2018 жылға Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілетін қаржыландыру анағұрлым өсті. 9 млрд. теңгеге дейін. Ол тегін дәрмекке мұқтаж жандарды дәрімен үздіксіз қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты нәрестелерге арналған балалар тағамының қажетті көлемі де сатып алынған.

Облыста әлеуметтік дәріханалардың желісін кеңейту көзделуде. Қазіргі таңда аймағымызда олардың саны 35-ке жеткен. Жыл соңына дейін Қарағанды, Жезқазғанда және ауылдық жерлерде 7 осындай дәріхана ашылады деп уәде берілді. Ал әлеуметтік дәріханалар болса, өз кезегінде дәрілердің түрін кеңейтуді жоспарлап отыр. Одан дәрілерді арзандау сатып алуға болады. Себебі, қосымша құн 5%-дан аспайды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button