АймақБалқаш

Қонаққа қолайлы жағдай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында туризмнің әсіресе, экотуризм мен этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде көңіл бөлуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда Балқаш қаласында да осы мақсатта ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы жазда Балқаш көліндегі демалыс аймақтары мен қонақ үйлері туристерге 2 мыңға жуық бөлме ұсына алады. Жаздың үш айында курорттық аймақ 100 мыңға дейін туристерді қабылдайды. Бұл туралы Балқаш қаласы әкімдігі мәлімдеді.

Сурет автордан

Курорттық аймаққа Балқаш қаласы, Тораңғалық және Шұбартүбек кенті кіреді, онда жыл бойы 20 қонақ үй және 54 демалыс аймағы жұмыс істейді. Қорда барлығы 1800-ге жуық нөмір бар. Балқаш қаласында жүзуге рұқсат етілген 24 жағажай бар. Демалушылардың қауіпсіздігін 9 сүңгуір мен 6 арнайы техника бақылайды.

Қазір қалада жағалау жөнделуде, қалалық жағажайды қайта құру жобасы 4 млрд. теңгеден асады.

Сондай-ақ, биыл демалушыларға арналған 7 демалыс аймағын тапсыру жоспарлануда. Құрылысқа 1,5 млрд. теңге салынды.

Көптеген демалыс аймақтарында туристер үшін әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде, судағы шаралар да бар. Жағажайларда су көліктері, қайықтар жалға беріледі, банандар мен әуе дивандарында серуендеуге болады.

Балқашқа екі жолмен жетуге болады: автомобильмен немесе пойызбен. Арзан әуе және теміржол билеттерін Aviata.kz-тен іздеп таба аласыз.

Астанадан Балқашқа дейінгі жол – 543 шақырым, Қарағандыдан 358 шақырым, ал, Алматыдан – 644 шақырымды құрайды. Теміржол арқылы астаналықтар қалаға «Астана – Семей», «Астана – Достық» пойыздарымен, қарағандылықтар сол пойыздармен және тағы да жеке «Қарағанды – Балқаш» пойыздарымен жетеді. Билеттердің құны – 3800-ден 8500 теңгеге дейін.

Жауапты мамандардың айтуынша, демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағалауға алынған. Туристерге таратылатын қалтаға салып жүруге ыңғайлы етіп жасалған буклет-картада барлығы тайға таңба басқандай көрсетілген. Тіпті, шұғыл жағдайда хабарласуға болатын жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру қызметінің байланыс нөмірлеріне дейін жазылған.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button