Спорт

Олег Солодовник «Астана» футзал клубының жаңа бапкері

«Астана» футзал клубын бұдан былай 56 жастағы украиндық маман Олег Солодовник жаттықтыратын болады.

Белгілі украиндық маман Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әуелі ол Жаңаөзеннің «Мұнайшы» клубын жаттықтырған. 2016 жылдан 2020 жылға дейін «Ақтөбені» баптады. Осы команда ел чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған

2018 жылы Чемпиондар лигасының негізгі турына қатысып, Қазақстан кубогын жеңіп алған. 2020 жылдың күзінде Оралдың «Бәйтерегіне» ауысады. Ал, Қазақстанға келгенге дейін украинаның «Шахтер» және «Ермакиевец, грузияның «Иберия Стар» клубының жаттықтырушысы болған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button