Спорт

Қолда тұрған жеңісті жіберіп алды

Футболдан ел чемпионатының IV турында «Шахтер» клубы алматылық «Қайратты» өз алаңында қабылдап, тең ойнады. Кездесуден кейін қарағандылық клубтың Бас бапкері Игорь Солошенко ойын жайлы пікірін айтты.

Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмады. 75-ші минутта шахтерлік жартылай қорғаушы Роджер Каньястың қақпаға бағыттаған голы дөп кіріп. Осылайша, жерлестер қарсыластарынан алға шыққан-ды. Алайда, ойынның аяқталуына 4 минут қалғанда шахтерлік қорғаушы Хави Кампо Мина қарыластардың әуелетіп көтерген добын қайтарамын деп, ойламаған жерден допты өз қақпасына кіргізіп алды. Осы бір қателіктің салдарынан жерлестер қолда тұрған жеңісті жіберіп алды.

– Ең алдымен керемет атмосфера үшін жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді. Жанкүйерлердің қолдауы ойыншыларға керемет күш берді. Осы кездесу жанкүйерлерге ерекше ұнады деп айтуға болады. Тартысты әрі эмоцияға толы ойын болды. Өкінішке қарай, жеңіске жете алмадық. Ойыншыларға агрессия мен шабуыл барысындағы сенімділік жетпеді. Барынша мүмкіндікті құр жібермеуге тырысқанымызбен, шабуыл соңы сәтсіз аяқталды, – деді команданың Бас жаттықтырушысы.

Турнир кестесінде 12 ұпаймен қызылжарлықтар көш бастап тұр. Қостанайлық «Тобыл» – 10 ұпаймен, ақтөбеліктер – 9 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал, қарағандылықтардың қоржынында әзірге – 1 ұпай.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button